Қарахан дәуірі жазба ескерткіштері: Жаратушы сипаты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v92.i1.06

Аңдатпа

«Құтадғу билиг, Диуани лұғат-ит түрк, Һибат-ул хақайиқ» – Қарахан дәуірінен қазіргі күнімізге жеткен түркі тіліндегі жазба ескерткіштер. Осы ескерткіштер тілі ислам дініне қатысты абстракт ұғымдардың тек түркілік атаулармен берілуімен ерекшеленеді. Шығармалар тіліндегі діни терминдерге қатысты өте ауқымды түркілік қабат Қарахан дәуірі кезеңінде түркі тілінің діни терминологиялық базасының болғандығын көрсетеді. Тілдің бұл ерекшелігі Қарахан дәуірінде түркі тіліндегі теологияға сай социо-мәдени ортаның және халыққа тән қалыптасқан терең дүниетаным болғанының дәлелі. Шығармаларда мұсылмандық дүниетанымда өзек ұғым болып табылатын Алла сөзі мүлдем қолданылмаған. Оның орнына Тәңір, Байат, Иди/Изи Уған сияқты түркілік атаулар қолданылады. Мақаламызда Жаратушының түркілік атауларына лексикасемантикалық талдау жасалады. Талдау барысында көне түркілік дүниетанымда Жаратушының атауы Тәңір лексемасының ислам түсінігіндегі Алланың сипаттарымен астасып, ішкі мәнінің өзгеріске ұшырағандығы анықталды. Байат, Иди/Изи Уған сөздері сол дәуірде діни термин ретінде қалыптасты және бұл терминдердің қайнар көзі – Құран. Бұл сөздер синонимдік қатар құрып бірге қолданылады, бірақ қолданылу жиілігі, колданылу аясы жағынан бірдей емес. Түйін сөздер: Қарахан дәуірі, жазба ескерткіштер, Жаратушы, діни терминдер, дүниетаным.  

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-25