Этникалық Отан мен трансұлттық байланыстар: ТМД-дағы корей әйелдерінің некелік миграция жағдайы

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v92.i1.05

Аңдатпа

Жыл сайын дамушы елдердегі ондаған мың әйелдер дамыған елдердегі ер-азаматтармен некеге тұру үшін шекарадан өтеді. Батыс Еуропа мен Америка Құрама Штаттарының ер-азаматтары Ресей мен Шығыс Еуропадан, ал Шығыс Азия мен Австралияның ер-азаматтары ОңтүстікШығыс Азиядан өз болашақ жарларын іздейді. Трансұлттық некелер әйелдерді қиын жағдайға қояды, себебі қабылдаушы елдерде бұл әйелдерге ресурстар, тілдік дағдылар, әлеуметтік қолдау мен құқықтық қорғау жетіспейді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдени саладағы ынтымақтастықтың арқасында Оңтүстік Корея көпшілікке танымал және тартымды брендке айналды. Одан шыққан нәтижелердің бірі ретінде трансұлттық некелердің көбеюін, әсіресе,  ТМД елдерінен келген этникалық әйелдермен құрған неке санының артуын атап көрсетуге болады. Автор Оңтүстік Кореядан некеде тұрған этникалық корей әйелдерінің халықаралық неке ерекшеліктерін қарастырады. Оңтүстік Корея азаматының ТМД елдеріндегі қыздарға үйлену проблемасына қатысты «евроцентрлік» көзқарас корей үкіметі мен қоғамдық ұйымдарға мигрант әйелдерді тарту саясатын түзетуде, сондай-ақ Кореядағы орыс тілді әйелдердің бірігу және бейімделу саясатын жүргізуде айтарлықтай көмектеседі. Түйін сөздер: ұлтаралық неке, ТМД, Тарихи Отан, неке көші-қоны, ТМД корейлері.

Жарияланды

2020-03-25