МӘРСИЯ ДӘСТҮРІНІҢ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА КӨРІНІС ТАБУЫ

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v92.i1.03

Аңдатпа

Қазақ жұртының дүниетанымында қалыптасқан өзіндік ерекшелігі бар құбылыстардың бірі – қазаға көңіл айту, жоқтау айту салты. Жоқтау айту үрдісі ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, елдің әлеуметтік-мәдени құндылықтарын көрсететін рухани мирас. Қазақ халқы тумысынан аса туысқаншыл, ағайыншыл болып келеді. Кез келген сәтте бауырмалдығын, мейірімділігін, жанашырлығын көрсетуге даяр тұрады. Жақынын сыртқа теппейтін, ынтымақшыл, жан күйер екендігін көрсетіп жүреді. Жұмыр басты пенденің тіршілікте көретін қайғысы мен қуанышын қазақ елі де көрген. Адам өмірінде кездесетін қиындықтың бірі – өлім. Өмірдің абыройлысы, абыройсызы болғаны секілді өлімнің де абыройлысы, абыройсызы болған, бола береді де. Жасы ұлғайып, бой жазатын шағы таяған кісі жақындарымен бақұлдасып арыздасады. Өсиетін айтады. Кеудесінен жаны шыққанда жылау, естірту, тоқтау айту, жұбату, көңіл айту, бата оқу, жоқтау айту т.б. рәсімдер жүзеге асады. Көрісу қазақ әдебиетінде тек фольклор түрінде ғана сақталмаған. Ол барлық әдеби жанрларда және қазақ ойшылдарының еңбектерінде көрініс тауып отырған. Біз бұл зерттеу мақаламызда Абай шығармашылығындағы әлі зерттеле қоймаған тақырып – исламдық шариғи үлгі шеңберінде қайтыс болған кісіні жоқтау діни рәсімін саралауды мақсат еттік. Түйін сөздер: Абай, иман, мәрсия, дәстүр, қаза, тағдыр.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-25