Мәдениетаралық қарым-қатынастағы ағылшын және қытай концептуалды метафораларын салыстырмалы зерттеу

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JOS-2019-4-o8

Аңдатпа

Аңдатпа. Когнитивтік лингвистиканың дамуымен метафоралар теориясы бұрын-соңды болмаған назарға ие болды. Дәстүрлі метафораға қарағанда концептуалды метафора адамның әмбебап, танымдық құбылысын көрсетеді. Бұл мақалада қытай және ағылшын тілдеріндегі концептуалды метафора жүйелері салыстырмалы түрде зерделене отырып, олардың танымдық ұқсастықтары мен мәдени айырмашылықтарын талдай келе, мәдениетаралық алмасудағы тілдік қарым-қатынасты түсінуге септігін тигізді. Ол құрылғаннан бері концептуалды метафора теориясы үнемі жетілдіріліп, дамып жатыр. Ағылшын және орыс тілдерінің мәдениетаралық кеңістігінде концептуалды метафораларды зерттеудің кеңдігі мен тереңдігі шексіз. Оның зерттеулерінің маңыздылығын Қытай, Англия және басқа елдердің лингвист ғалымдары дәлелдеді (Чэнь Цзясу, 2007; Шу Дингфанг, 2000; Лакофф пен Джонсон, 1980; Лю Чжон, 1992). Бұл зерттеудің іргелі әдіснамалық негізі – салыстырмалы әдіс, талдау әдісі. Олардың көмегімен концептуалды метафораның айқын ерекшелігін беруге, сонымен қатар екі тілдің мәдени айырмашылықтарын ашуға мүмкіндік туды. Зерттеудің жалпы көрінісін оның талдауларынан жинақтайтын синтез әдісі де қолданылады. Оны қолдану нәтижесінде осы зерттеудің бағыты мен мәні баса айтылды, осыған байланысты ол ағылшын және қытай тілдеріндегі концептуалды метафора арасында маңызды байланыс орнатады. Осы мақаланың мақсаты – концептуалды метафораларды салыстырмалы зерттеу және қытай мен ағылшын тілдерінің арасындағы танымдық байланыстарды анықтау, екі тілді білуде тұжырымдамалық метафораларды қолданудың ерекшеліктерін талдау, сонымен қатар оның мәдениетаралық коммуникациядағы рөлін анықтау. Түйін сөздер: концептуалды метафора, мәдениетаралық коммуникация, салыстырмалы зерттеу, құрылымдық метафора, бағдар метафора, онтологиялық метафора.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-13