ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕ: ЖАПОНИЯДАҒЫ ЭМИГРАНТТАРДЫ ЕКІ ЕСЕЛІК КЕМСІТУШІЛІК
Аңдатпа
Азиялық елдердегі гендерлік мәселелер әрқашан заманауи зерттеушілердің назарын аударған. Жапон қоғамындағы әйел адамның орны қоғамдық дәстүрлі қағидаттармен негізделген патриархалды дәстүрмен анықталған. Осы мақалада Жапониядағы корей мәселелері бойынша әдебиеттерді талдау негізінде автор кәріс әйелдердің Жапониядағы әлеуметтік мәртебесін зерттейді. Әйел адамдар тап болатын қиындықтар көбінесе жапондық қоғамның этникалық кемсітушілігімен байланысты. Бұдан басқа, әйелдердің нақты әлеуметтікэкономикалық орны Жапониядағы кәріс әйелдерінің отбасыларындағы патриархалдық дәстүрлермен қиындатылады. Кәрістердің соңғы жиырма жыл ішінде жұмыс істеуі туралы статистикалық деректерге сүйенсек, корейлік ер адамдар үшін ұтқырлықтың негізгі бағыттары анықталды. Автордың айтуынша, тарихи жағдайларға байланысты корейлік ер адамдардың әлеуметтік мәртебесі жапондық қоғамда әлеуметтік сатымен жоғарылауға мүмкіндік береді. Алайда, кәріс әйелдері әлі күнге дейін әлеуметтік ұтқырлықтан тыс қалады. Бұл жағдайдың өзгеру перспективасы әліде күмәнді.
Түйін сөздер: Жапониядағы корейлер, мәртебе, кемсіту, гендер, отбасы, жұмыспен қамту.










