ҚAЗІРГІ ҚЫТAЙДЫҢ ҰЛТТЫҚ СAЯСAТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ AЗШЫЛЫҚ ҰЛТТAР

Авторлар

  • Алдaбек Н.Ә КазНУ имени аль-Фараби
  • Нұржaевa А.М. КазНУ имени аль-Фараби

Аңдатпа

Бұл мақалада ҚХР азшыл ұлттарға қатысты ұлттық саясат және оның мемлекеттің бірлігін нығайтудағы және этносаралық қатынастардағы рөлі қарастырылады. Зерттеудің нәтижелері Қытайдағы мемлекеттің ұлттық саясатына талдау жасайтын саяси ғылымдарда, сонымен қатар

«ұлттық саясат» туралы саяси білімдер шеңберіндегі теориялық дамуда; ҚХР және басқа да қазіргі заманғы көпұлтты елдердегі азшыл ұлттарға қатысты ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруда қолданылуы мүмкін.

Зерттеудің әдіснамасы әлеуметтік және саяси ғылымды қамтитын пәнаралық тәсілге негізделген. Зерттеу барысында ғылыми тақырыптар мен әдістерді талдау, синтездеу, салыстыру, сондай-ақ салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды, нәтижесінде зерттеу тақырыбының жалпы және нақты ерекшеліктері, даму перспективалары және сапалық сипаттамалары айқындалды.

Түйін сөздер: ұлттық саясат, ҚХР, азшыл ұлттар.

Жарияланды

2019-01-23