Көне түркілердің дүниетанымы мен наным-сенімдері
Аңдатпа
Көне түркілердің наным-сенімдерін зерттеу, оны бір жүйеге келтіру болашақ ұрпақ үшін тарихи маңызы өте зор. Қазіргі кезде тарихшылар қазақ тарихына терең үңіліп, шындықты танып оны жазу үшін түркілер тарихын білу өте қажет деп ұғындырады. Көне түркі қоғамының дәстүрлі дүниетанымында ерекше сипатқа ие табиғи аумақ киелі деп саналады және қорғалды. Мұндай орындарда әлемді жаратушы – Тәңірі, Умай ана, Жер және Су стихияларына арналып салт-жоралғылар орындалады, осылайша олардың наным-сенімдері қалыптасады. Бұл жерлерде ұрпақтары өз ата-бабаларының құрметіне ескерткіштер орнатып, аталған аумақтарға ерекше мән берді және оларды киелі жер ретінде құрметтеді. Сөйтіп ашық аспан астында баз баяғы қалпында тұрған тас мүсіндер қазіргі ғалымдар үшін салт-жоралғылар мен дәстүрлердің дереккөзі болып табылады.










