КНИГА ЯЗЫЖОГЛУ АЛИ «СЕЛЬДЖУКНАМЕ»

Авторлар

  • Жумадилова Ғ.Т. Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты

Аңдатпа

Түркілердің тілін, тарихын, мәдениетін таныту үшін көптеген шығарма жазылғаны белгілі. Орхон-Енисей жазбалары, «Диуани лұғат ат-түрк», «Данишменд-наме», «Қорқыт Ата кітабы», «Салтык-нама» – бұл шығармалардың кейбірі ғана. Языжыоғлұ Әлидің қаламынан туындаған «Селжұқнаме» немесе басқа атауы «Тауарих-и Ал-и Селжүк», «Тарих-и Ал-и Селжұқ» және «Оғызнама» шығармасының түркі әлемінің ортақ мұрасы ретіндегі орны бөлек. Бұл шығарманы Языжыоғлұ Әли 1436 жылы ІІ Мұрат билігі тұсында жазған. «Селжұқнаменің» мазмұны өте бай, қапсаған тақырып аясы тым кең. Исламнан бұрынғы түркі тайпалары, моңғол тайпалары, басқа да түркі тайпалары: Ұйғырлар, Қыпшақтар, Қаңлылар, Қарлұқтар, Қалаштар, Ағачерілер (Таһташылар)..., түркілердің бір қолы Оғыздардың терең тарихын қамтиды. Оғыз тайпалары атауларының шығу тегі, таңбалары, тотемдері жеке-жеке көрсетілген. Әсіресе Оғыз таңбаларының алтын сиямен жазылғанын атап өткен жөн. Языжыоғлұ түрлі дереккөздерді пайдалана отырып, Қорқыт ата, Аққойынлы бегі Қара Осман, Селжүктің әкесі Тоқақ ибн Лұқман хан, Селжұқтардың мемлекетінің құрушысы Селжұқ бек (?-1009), Ғазнауи билеушісі Махмұд сұлтан (998-1030), Тұғрыл бек (1037-1063), Алп Арслан сұлтан (1063-1072), Мәлік шах (1072-1092), Беркейарух (1094-1105), Мұхаммед сұлтан (1105-1118), ІІ Махмұд (1118-11314), Месут сұлтан (1134-1152), Гиясаддин Кейхусрау, Алауддин Кейқуат, Осман Гази және олардың өмір сүрген кезеңдері туралы аса маңызды мәліметтер берген. Бұларға қосымша шығармада түріктердің Анадолыда орнығуы мен Анадолыдағы қалалар туралы мол мәлімет орын алған. Бұл мақалада «Тауарих-и Ал-и Селжұқ» («Селжұқнаме») шығармасы туралы сөз қозғалады, түрік тілі, тарихы және мәдениетіне қатысты маңыздылығы қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-19