Мауреннаһрдегі Темір билігі тұсындағы кітап түптеу өнерінің сипаттамасы (Кейс-стади: Душанбе мен Ташкенттегі қолжазбалар коллекциясы негізінде кітап түптеу өнерін зерттеу)

Авторлар

  • Ростами M. Университет Мазандаран
  • Жұбатова Б.Н. КазНУ имени аль-Фараби

Аңдатпа

Ислами Иранда кітап түптеу мен безендіру өнері – кітап шығару мәдениетінің негізгі салаларының бірі. Бұл өнер көптеген ғылыми жұмыстардың жазылуы, қолжазбалардың жақсы сақталып жету жолында көптеген өзгерістер мен даму тәжірибесін басынан өткерді. Исламның алғашқы ғасырынан бастап, ХІІ ғасырдың соңына дейінгі аралықта орын алған таңғаларлық өзгерістер әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, ерекше әдемі дизайнға негізделген кітапты буу әдісін ойлап табумен байланысты болды. Мауреннаһр кітап шығару ісінің тарихында маңызды рөл атқарып, үлкен маңызға ие мекенге болды. Тимур билігі тұсындағы кезең Орталық Азиядағы кітап түптеу өнерінің ең биік шыңына айналды. Дәл осы кезеңде ислами Иран өркениетінен бастау алатын кітап түптеу тәжірибесін Тимур мен оның ұлдары қайта жаңғыртып, дамытты. Бұл мақала Тимур билігі тұсындағы кітап түптеу өнерін зерттеуге арналады. Бұған қоса, Мауреннаһрдегі, Өзбекстан мен Тәжікстандағы кітап шығару ісіне сипаттама беріледі. Бұған қоса, МауреннаҺрдегі, оның ішінде Өзбекстан иен Тәжікстандағы, оның ішінде Ташкент пен Душанбе музейлеріндегі кітап түптеу өнерінің техникалық-көркемдік қыры зерттелді. Зерттеу нәтижелері қолданылған материалға, пайдаланылған техника мен конструкциялардың түріне (Торандж, Лачак, түрлі гүлдер, жапырақтар, гүлдер мен жапырақтардан түзілген сөздер, Насх, Насталиқ, Сүлс, Куфи каллиграфиялары) байланысты мұқабаның 6 түрі болғанын (былғарыдан жасалған мұқабаның 4 түрі, лактанған және күйдіру арқылы жасалған мұқабалар) анықтайды. Зерттеудің мақсаты Тимуридтер кезеңіндегі Мауреннаһрдегі кітап шығару ісінің, Орталық Азия кітапхана қорларында, оның ішінде Ташкент пен Душанбеде сақталған қолжазбаларды байлаудың көркем және техникалық ерекшеліктері эволюциясын талдау және классификациялау, бұл Тәжікстан мен Өзбекстандағы Самарқан, Бұхара, Хорезм, Қоқан сияқты қалалардағы туындыларға да қатысты. Зерттеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тарихи және көркем бағыттағы ескі және жаңа құжаттар пайдаланылды. Индексті талдау мен классификациялау Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстандағы мақала авторлары болған 5 маңызды музей мен қолжазбалар кітапханасын қамтиды. Деректер жинау үшін негізінен бақылау, түрлі құралдардың көмегімен жазып алу, сайттарды шолу сияқты зерттеу әдістері қолданылды.

Жарияланды

2018-12-19