ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ ОТНОШЕНИЙ МЕЖДУ КАЗАХСТАНОМ И ЯПОНИЕЙ

Авторлар

  • Жұмағұлов Қ.Т. КазНУ имени аль-Фараби
  • Садықова Р.О. КазНУ имени аль-Фараби
  • Мұхажанова Т.Н. КазНУ имени аль-Фараби

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан мен Жапонияның арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы тәуелсіздік алған кезеңнен бастап қарастырылады. Қазақстан мен Жапония өзара 20 жылдан астам ынтымақтастығынан астам уақытта әр түрлі салада оңды нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстанның сыртқы саясатында Жапония маңызды рөл атқарады. Жапония қазіргі әлемдегі жетекші экономикалық держава. Қазақстанның «Күншығыс елімен» ынтымақтастығы Азия-Тынық мұхиты елдерімен өзара тиімді әріптестігіне жол ашты. Бұл қарым-қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді, ал бұл өз кезегінде Жапонияның Қазақстанның сыртқы саясатында рөлінің артқандығын куәландырады. Сондықтан бұл ғылыми тақырып ғалымдардың қызығушылығын тудырады. Мақалада ҚР мен Жапония арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму ерекшеліктері қарастырылады, сонымен қатар, доктриналық ұстаным тұрғысынан жапон басшылығының маңызды концепциялары мен «Орталық Азия мен Жапония» сияқты диалогтар талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-19