КАЗАХСКО-КИТАЙСКОЕ СОДРУЖЕСТВО В РАМКАХ ПРОЕКТА «ОДИН ПОЯС, ОДИН ПУТЬ»

Авторлар

  • Оразақынқызы Ф. КазНУ имени аль-Фараби

Аңдатпа

Екі мемлекет арасындағы қатынастардың тарихы терең. Бүгінгі күні бұл қатынастар барлық бағыттар бойынша қарқынды дамуда. Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі екіжақты әрекеттесудің барлық салаларындағы жаңа жобалармен толыға түсуінде. Сондай жобалардың бірі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты бастамасын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдағы Теңіз Жібек жолы» атты екі стратегиялық жобасын қамтитын «Бір белдеу, бір жол» бастамасы. Қарастырылып отырған жұмыста, аталмыш жобаның Қазақ-қытай ынтымақтастығына тигізер әсері баяндалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-19