ПРОБЛЕМЫ ГЕНЕЗИСА АВАРСКОГО КАГАНАТА НА ОСНОВЕ АНТРОПОЛОГИЧЕСКИХ И ЛАТИНСКИХ ДАННЫХ
Аңдатпа
Мақала авар қағанатын құрушы тайпалардың антропологиялық сараптамалар мен латын деректерінің негізінде шығу тегін сараптауға арналады. Авар қағанатының тарихы орта ғасырларда Еуразия құрлығының бірталай аумағын мекендеген түркі тілдес тайпалық бірлестігі. Сондықтан авар тарихымен Еуропа мен ТМД елдерінің ғалымдары бірқатар зерттеулер жүргізіп, түрлі ой-тұжырымдарын білдіруде. Әрине қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамыған заманында жоғалтқанымызды тауып, ұмытылған тарихымызды ұлықтар уақыт. Осындай елеусіз қалған тарих қойнауының құпияларының бірі жазба деректер негізінде аварлардың шығу тегі мен бассүйек қалдықтары бойынша антропологиялық сараптамаларды саралап, тұжырым жасау. Аварлардың этногенез тарихына қатысты латын тілінде орта ғасырлық жылнамашылардың бірқатар құнды деректері бар. Олардың ішінде алғаш болып Ү ғ. Рим ойшылдарының бірі Приск Панийский, Византия империясының тарихшыларынан Феофилакта Симокатта, Менандр Протектор, сириялық Иоанна Эфесскии, Фредегер хроникаларында, грузиялық жылнамашы Картлис Цховребе, готтық орыс жылнамалары, араб саяхатшылары Ибн Хордадбек сияқты т.т. деректерде аварлардың этногенез мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар антропологиялық жәдігерлер Шығыс Еуропа, әсіресе Венгрия территориясынан Сентэндр, Боче, Кунсентмиклош– Бабонд сияқты қоныстар авар дәуіріне қатысты екені дәлелденген, т.б.










