ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ РЕГИОНАЛЬНОГО ИЗМЕРЕНИЯ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ

Авторлар

  • Курпебаева Г.К Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада қазіргі заманғы халықаралық қатынастарды аймақтандырудың ерекшеліктері, өңірлерді қалыптастыру және осы үдерістерді теориялық тұрғыдан бағалау «ескі» және «жаңа» аймақшылдық теоретиктермен қарастырылады. «Еуропалық» және «азиялық» аймақтық модельдер әртүрлі өркениеттік орталарда аймақтық үдерістердің ерекшеліктерін салыстырады. Аймақтандырудың ең маңызды теорияларының қалыптасуына, негіздері мен эволюциясына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Аймақтық қауіпсіздік кешендерінің теориясы алғаш рет Копенгаген мектебінің еңбектерінде ұсынылған болатын. Мектеп өкілдері өздерінің зерттеулерінде «аймақтық қауіпсіздік кешен» ұғымына анықтама беріп, оның құрылымын, даму динамикасын және ұлттық және жаһандық қауіпсіздіктің түрлендіру тәсілдерін өңірлік деңгейде қарастыруға тырысты. Олардың пікірінше, екі қауіпсіздік саласының (ұлттық және жаһандық) өзара іс-әрекет етуі және ірі оқиғалар мен іс-шаралар орын алатын жер – аймақ болып табылады. Бұл теория даусыз емес, алайда ол аймақтық динамиканы талдауға және аймақ призмасы арқылы жаһандық қауіпсіздік кешенін құруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-19