ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДИАСПОРАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Аңдатпа
Диаспорологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі ХХ ғасырдың соңына жатады. Этностық диаспораның пайда болу процестері, негізгі сипаттамалары, типологиялары, жаңа ортада жұмыс істеуі, әлеуметтік маңыздылығы, қабылдаушы және беруші мемлекеттердегі рөлі мен орны және т.б. ең толық көрінісін тапты. Дегенмен, Оңтүстік Кореяның шет елдердегі қызметінің ерекшеліктері көптеген зерттеулерде қамтылғанына қарамастан, диаспора саясатында жекелеген жұмыстар жүргізілмеген. Бұл мақалада Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы диаспоралық саясаты талқыланды. Бұл жер 80 жылдан астам уақыт бойы 100 000 корей диаспорасының тұрғылықты жері болуына байланысты, аталған мәселе қазіргі отандық ғылымда да өте өзекті. Зерттеуші «диаспоралық саясат» ұғымын, Қазақстандағы Оңтүстік Корея үкіметінің қызмет бағыттарын ашып көрсетеді. Салыстырмалытарихи, сипаттамалық, синхронды-диахрондық зерттеу әдістерінің негізінде Оңтүстік Кореяның диаспоралық саясатының ерекшеліктерін зерделеу, шетелдегі этникалық қауымдастықты дамытуда Оңтүстік Кореяның диаспоралық саясат рөлінінің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеуші корей диаспорасының білім беру, мәдениет және тілдер саласында әртүрлі қолдау түрлерін талдап, Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық өзара әрекеттестікте этникалық корейлердің рөлін анықтады.










