СОЦИАЛЬНАЯ МОБИЛЬНОСТЬ КАК ФАКТОР СОХРАНЕНИЯ ЭТНИЧЕСКОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ: СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ КОРЕЙЦЕВ В ЯПОНИИ И СТРАНАХ СНГ
Аңдатпа
Корей диаспорасы әлемнің көптеген елінде бар. Жапониядағы корей диаспорасын зерттеу
посткеңестің кеңістігіндегі аз зерттелгендердің бірі. Зерттеу объектісі моноэтникалық ел
Жапониядағы және көпэтникалық мемлекет Кеңес Одағындағы корей диаспорасы. Жапония о
бастан-ақ моноэтникалық ел саналады. Жапониядағы моноэтникалық түсінігінің берік болғаны
соншалық көптеген қоғамтанушылардың санасында мифтік тұрғыда бекіген. Сонымен бірге
Жапонияда 600 000-ға жуық корейлер «көрінбейтін азшылық» ретінде өмір сүруде. Корей
диаспорасының жапон архипилагінде пайда болуы Корей түбегіндегі Жапонияның отарлық
үстемдігі кезінен қалыптасқан. Бұрынғы Кеңес Одағындағы этникалық түрлілігі 100-ге таяу
ұлттардан құралған. Олардың көпшілігінің тарихы депортациямен байланысты. Жапонияның
корейлері қабылдаушы қоғамдағы этникалық азшылықтың ішінде алдыңғы орында тұр. 2000
ж. Жапониядағы халық санағы бойынша корейлердің саны – 528 904. Корей диаспорасы
қытайлықтар, бразиялықтар, филиппиндіктерден кейінгі орында тұрған үлкен топты құрайды.
ТМД елдеріндегі корейлердің (жалпы саны 500 мың) ең үлкен шоғырын Өзбекстанда 198 мың,
Ресейде 125 мың, Қазақстанда 105 мың адамды құрайды.
Мақалада Жапония мен ТМД елдеріндегі корейлердің этникалық болмысының сақталу деңгейі
қарастырылады. Жапония мен ТМД елдерін мысалға ала отырып, ондағы корей диаспорасының
этникалық болмысын сақтауда әлеуметтік ұтқырлық факторы ықпал етеді деп ұйғарылады.
Осыған орай зерттеудің келесі міндеттері анықталады: Жапония мен ТМД елдеріндегі
корейлердің әлеуметтік-демографиялық сипатын құрайтын нақты тарихи материалдарды жинау;
деректер шеңберін ғылыми айналымға енгізу: мұрағат материалдары, статистикалық мәліметтер,
мерзімді басылымдар, этноәлеуметтік зерттеулердің нәтижесі, академиялық публикациялар;
этникалық болмысты сақтаудағы әлеуметтік ұтқырлықтың рөлі туралы негізгі көзқарастарды
ашу.
Бұл зерттеу Жапония мен ТМД-ны мысалға ала отырып қабылдаушы қоғамда этникалық
корейлердің үйренісуі мен интеграциясының мәселелері мен ерекшеліктерін зерттеу мен
салыстыру мақсатын қояды. Корей қоғамында этностың болмысын анықтауда ұлттық қаны
бойынша болмысы және тұрғылықты жері бойынша болмысы деп сипатталатын «жаңа гибридтік
болмыс» пайда болды. Бұған корейлердің білімі мен әлеуметтік статусының деңгейінің рөлі де
әсер етеді. Ал бұлар жоғары болған сайын «әке мен шешеге де», корей этносының болмысы мен
қабылдаушы қоғамға да махаббат теңдей болады.










