МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫ: ПАРСЫ ЖӘНЕ МОҒОЛ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҮНДІ ӨНЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS201194526Аңдатпа
Бұл мақалада ортағасырлық кезеңде парсы және моғол мәдени дәстүрлерінің үнді өнері мен әдебиетінің дамуына тигізген терең әрі ұзақ мерзімді ықпалы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – үнді өнері мен әдебиетіне ықпал еткен нақты бағыттардың дамуын айқындап, парсы және моғол дәстүрлерінің үнді дәстүрлерімен синтезделу үдерісін талдау. Негізгі көркем және әдеби туындыларды талдау арқылы зерттеу моғол дәуірінде (1526–1857 жж.) парсылық эстетикалық талғамның, әдеби формалар мен көркемдік тәсілдердің қалай енгізіліп, бейімделіп, жергілікті үнді дәстүрлерімен үндескенін айқындайды. Соның нәтижесінде жаңа гибридтік мәдени өрнектер қалыптасты.
Зерттеу бұл мәдени өзара ықпалдастықтың біржақты ықпал ету емес, керісінше, күрделі мәдени келіссөздер үдерісі болғанын және соның нәтижесінде өзіндік үнді-парсы көркемдік әрі әдеби дәстүрлердің пайда болғанын көрсетеді. Түркі халықтарының өзге шығыс халықтарының тілдеріне ықпал етуін зерттеу қазіргі шығыстанушылар, соның ішінде үндітанушылар мен түркітанушылар үшін теориялық және практикалық маңызы зор, өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу қорытындылары мәдени тоғыстардың Үндістанның көркем мұрасы мен әдеби канонын қалыптастырудағы маңызын айқындай отырып, қазіргі Оңтүстік Азияның мәдени өндірісінде де жалғасып отырған мәдени бейімделу мен синтездің кең ауқымды үлгілерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: мәдениетаралық зерттеулер, үнді-парсылық мәдени синтез, мәдени ықпал, үнді әдеби мәдениеті, Моғол кезеңі, мәдени гибридтілік.










