АБАЙ ЖӘНЕ ШАУҚИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS201194226

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақтың бас ақыны, ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлы мен араб әдебиетінің неоклассигі, мысырлық танымал ақын Ахмед Шауқидің шығармашылығының қалыптасуына әсер еткен тарихи-әлеуметтік және мәдени факторлар салыстырмалы тұрғыда қарастырылады. Сонымен қатар екі ақынның өмір сүрген дәуірі, қоғамдық ортасы, шығармашылығының қалыптасу кезеңдері және дүниетанымдық ұстанымдарының ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Зерттеудің мақсаты Абай мен Шауқидың тұлғалық қалыптасуына әсер еткен тарихи, мәдени және әлеуметтік факторларды анықтап, екі ақынның шығармашылығын әлеуметтік-мәдени контексте салыстыра талдау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін екі ақынның өмірбаяны, қоғамдық қызметі, шығармашылық ортасы мен әдеби мұрасы кешенді түрде қарастырылды. Зерттеудің негізгі дереккөзі ретінде Абай мен Шауқидің поэзиялық шығармалары және екі ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми зерттеулер пайдаланылды. Зерттеу барысында тақырыптық және мазмұндық талдау, жинақтау, тарихи-салыстырмалы, салыстырмалы-әдеби, интерпретациялық және герменевтикалық талдау әдістері жүйелі түрде қолданылды. Қазақ және араб ақындары шығармашылығының алғаш рет тарихи-мәдени контексте салыстырмалы тұрғыда қарастырылуы зерттеудің ғылыми маңыздылығын көрсетеді. Екі ақынның шығармашылық мұрасы – сол тарихи дәуірдің рухани-мәдени құндылықтарын бейнелейтін құнды дерекөз. Абай мен Шауқидың шығармашылық мұрасын салыстырмалы әдебиеттану тұрғысынан зерделеу олардың адам болмысы, қоғам және әлем туралы көзқарастарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтауға негіз болады.

Түйін сөздер: Абай Құнанбайұлы, Ахмед Шауқи, араб поэзиясы, мысырлық ақын, шығармашылық орта, тарихи-мәдени факторлар.

Автор өмірбаяндары

  • Р.С. Қожабекова, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Қожабекова Раушан Санатқызы (корреспонденттік автор) – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, е-mail: raushan.kozhakhmetova@gmail.com).

  • Х. Хассан, Малайзия халықаралық ислам университеті, Куала-Лумпур, Малайзия

    Хассан Хаслина – PhD, Малайзия халықаралық ислам университеті, академиялық басқару және қабылдау бөлімінің директоры (Куала-Лумпур, Малайзия, е-mail: haslina.h@iium.edu.my).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-31

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ