Жапонияның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы

Авторлар

  • Ашинова Ж.Е.

DOI:

https://doi.org/10.26577/

Аңдатпа

Қазіргі әлемдегі қай елдің болмасын, ішкі және сыртқы саясатында энергетикалық қауіпсіздік саясаты басты орында тұрғаны баршаға мәлім. Ал осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі Жапон мемлекетінің
осы салада жүргізіп отырған саясаты басқа елдерге үлгі бола аларлық
деңгейде. Жапонияның экономикалық жетістіктері көбінесе бұл мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерімен айқындалады. Қазақстандық жапонтануда осы елдің қазіргі кездегі энергетикалық саясатын зерттеу
тың тақырыптардың бірі. Жапонияның әлеуметтік-стратегиялық кешенінің бірі – энергетикалық қауіпсіздік саясатын жүзеге асырудағы
әлемдік тәжірибесін зерттеу қазақстандық жапонтану және энергетикалық қауіпсіздік саласына өз үлесін қосары сөзсіз.
Ұсынылып отырған мақалада Жапонияның энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі стратегиясы және оның ерекшеліктері
қарастырылады. Сонымен қатар, ондағы 2011 жылғы табиғи техногенді апаттан кейінгі өзгерістері зерделенген. Жалпы, мақалада қарастырылып отырған Жапонияның энергетикалық саясатының тиімді
тұстары мен тәжірибесін пайымдау еліміздің энергетикалық қауіпсіздік саясатын жетілдірудің тиімді жолдарын табу қажеттілігімен
айқындалады.
Түйін сөздер: Жапония, энергетикалық қауіпсіздік, атом энергетикасы, балама көздер, стратегия, тәжірибе.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-11-26

Журналдың саны

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ