ҚЫТАЙ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІНДЕГІ 丢脸 (DIŪLIǍN) – «БЕТТЕН АЙЫРЫЛУ» КОНЦЕПТІНІҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Авторлар

  • Ф.Н. Дәулет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • С.Х Апаева Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Бішкек, Қырғызстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202611831

Аңдатпа

Зерттеу жұмысы қытай лингвомәдени жүйесіндегі негізгі этномәдени және когнитивтік феномендердің бірі болып саналатын 丢脸 (diūliǎn) – «беттен жұрдай болу» концептіне, оның тілдік бейнесі және семантикалық құрылымын талдауға арналған. Мақаланың негізгі мақсаты – аталмыш концептінің дәстүрлі қытай лингвомәдениетіндегі ішкі формасын нақтылау арқылы «тілдегі әлемдік бейнені» ашып көрсетумен бірге, оның моральдық, эмоциялық әрі әлеуметтік салаларда жүзеге асу модельдерін айқындау. Зерттеу жұмысы лексикографиялық деректерден алынған үлгілерге, Бейжің тіл және мәдениет университетінің лингвистикалық корпусы материалдарына сүйене отырып, аталмыш концептінің түрлі тілдік-мағыналық және мәдени қырларын ашып, оларды біртұтас жүйе аясында қарастыратын кешенді әдістемелік негізге сүйенеді. Жүргізілген талдау 丢脸 (diūliǎn) концептінің күрделі эмоциялық-этикалық сипатқа ие екенін көрсетеді. Дәстүрлі түрде ұят, қорлану және моральдық мәртебеден айырылу ұғымдарымен тығыз байланыста қолданылатын бұл концепт семантикалық тұрақтылығын сақтай отырып, қазіргі қытай дискурсында семантикалық өрісінің кеңейіп келе жатқанын да көрсетеді. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері 丢脸 (diūliǎn) концепті қытай дәстүрлі лингвомәдениетінде әлі де маңызды мәдени бірлік ретінде сақталып, бедел, абырой және әлеуметтік статус туралы түсініктерді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығын, сонымен бірге, қазіргі қоғамдағы мәдени өзгерістерді де бейнелейтінін ашып көрсетті. Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелерді лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, психолингвистика салаларында, сондай-ақ қытай тілдік санасы мен дәстүрлі концептілерін зерттеуде әдіснамалық негіз ретінде қолдануға болады.

Түйін сөздер: 丢脸 концепті, қытай лингвомәдениеті, тілдегі әлемнің бейнесі, корпустық талдау, қытай қоғамы, мәдени құндылықтар, психолингвистикалық механизм.

Автор өмірбаяндары

  • Ф.Н. Дәулет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Фатимабибі Ноғайқызы Дәулет – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасы (Алматы, Қазақстан, e-mail: fatima-dauletova@mail.ru).

  • С.Х Апаева, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Бішкек, Қырғызстан

    Софья Хусейнқызы Апаева – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Бішкек, Қырғызстан, e-mail: apayeva.sofya@mail.ru).

Жарияланды

2026-09-08

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ