ФРАНЦИЯ МЕН ЖАПОНИЯДАҒЫ ҚАЗІРГІ ОҢШЫЛ ҰЛТШЫЛДЫҚ: ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Авторлар

  • Г.Н. Ким Институт Азиатских исследований КазНУ им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0003-4742-1040
  • В.А. Пищалин Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиятану институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0009-3741-2301
  • Ш. Сейтнұр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0008-6698-9233

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202511435

Аңдатпа

Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріндегі саяси үдерістердің қазіргі кезеңі радикалды оңшыл партиялардың ықпалының артуымен сипатталады. Еуропалық ультраоңшыл ұлтшылдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары мәселесі кеңінен талқылануда, алайда бұл құбылысты зерттеуде неғұрлым ауқымды тәсілді қолдану қажеттігі туындап отыр. Франция мен Жапониядағы ультраоңшыл ұлтшылдық тарихи, мәдени, саяси және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты өзінің пайда генезисінде, идеологиялық басымдықтарында, әлеуметтік негізінде, мәдени және саяси қырларында бір  -бірінен ерекшеленеді. Ультраоңшыл идеология, қай елде болмасын, этноцентризмге, мәдени біртектілікке ұмтылуға, ксенофобияға, иммиграцияға қарсы тұруға, дәстүрлі құндылықтарды ұстануға және авторитаризмге бейімділікке тән ортақ сипаттарға ие. Мақалада жаһандану тұрақсыздығының қазіргі кезеңінде және геосаяси мен геоэкономикалық қайшылықтардың ушығуы жағдайында Еуразияның әртүрлі өңірлеріндегі ультраоңшыл ұлтшылдықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданады. Мақаланың жаңалығы-ультраоңшыл ұлтшылдыққа қатысты ең жаңа зерттеулерді талдап, оның ұлттық және жаһандық деңгейде күшеюінің салдарын болжауға талпыныс жасалуында. Зерттеудің негізгі тұжырымдамаларына салыстырмалы ұлтшылдық теориясы, саяси реализм, ультраоңшыл популизм, этникалық ерекшелік, постколониализм және идентичтік ұғымдары жатады. Мақалада компаративистиканың синергетикасы, тарихи -контекстуалдық және идеологиялық дискурс -талдау, саяси-әлеуметтанулық және мәдени-антропологиялық әдістер қолданылды. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері Франция мен Жапониядағы ультраоңшыл ұлтшылдықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Бұл саясаттың өте оңшыл бөлігіндегі-партиялар, қозғалыстар және олардың көшбасшыларының бірлігі мен алуандығын түсінуге қосқан үлес болып табылады.

 Түйін сөздер: әсіре оңшыл, ұлтшылдық, Франция, Жапония, этнонационализм, милитаризм, авторитаризм

 

Автор өмірбаяндары

  • Г.Н. Ким, Институт Азиатских исследований КазНУ им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

    Ким Герман Николаевич, доктор исторических наук, профессор, директор Института Азиатских исследований КазНУ им. аль-Фараби

     

  • В.А. Пищалин, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиятану институты, Қазақстан, Алматы қ.

    Пищалин Владислав Александрович, шығыстану магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

  • Ш. Сейтнұр , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    Сейтнұр Шынар, ҚазҰУ Әл-Фараби атындағы университетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасының докторанты, Алматы, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-18

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ