Ақынға әсер және ақынның басқаларға әсері: Низами

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2024.v108.i1.09

Аңдатпа

1141 жылы қазіргі Әзірбайжан территориясында орналасқан Гянджа уәлаятында туып, шамамен 1204 жылы қайтыс болған Низами ана тілі Оғыз түрік тілі болса да шығармаларын парсы тілінде жазған. Орта Азияның Нишапур, Мерв, Хорасан, Фараб, Отырар, Бұхара, Ферғана, Самарқанд, Термез, Балх, Қашқар сияқты қалаларында ежелгі және ортағасырлық дәуірде өте жоғары өркениет болған. Бұл биік өркениет 9 ғасырдан бастап Кавказға, Таяу Шығысқа, Анадолыға және Еуропаға тарады. Низами көп ұлтты және көп мәдениетті аймақ, әртүрлі тілдер мен мәдениеттерден нәр алған Гянджада өте жақсы білім алып, көптеген шығармалар тудырды. Низами өзінен кейінгі көптеген ақындар мен әдебиет қайраткерлеріне үлгі болды. Низами өмір сүрген дәуірде түрік жазушыларының көпшілігі әдеби шығармаларын парсы тілінде, ғылыми еңбектерін араб тілінде жазған. Низами шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Бұл мақалада Низами поэзиясы, дүниетанымы мен философиясының негіздері қарастырылады.

Түйін сөздер: Низами, Орталық Азия, түрік, парсы, философия, грек мәдениеті

Автор өмірбаяны

  • М. Куталмыш , Bolu Abant Izzet Baysal University, Turkey, Bolu

    Mehmet Kutalmış (corresponding author) – Dr., Professor at Bolu Abant Izzet
    Baysal University, Turkey, Bolu, e-mail: mehmetkutalmis@gmail.com

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-10

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ