ШЫҰ-ның кеңеюі: Иранның қосылу контекстіндегі мәселелер мен перспективалар

Авторлар

  • S. Kondapalli Джавахарлал Неру университеті, Үндістан, Нью-Дели қ. http://orcid.org/0000-0002-9559-8492
  • L.F. Delovarova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-3163-5933
  • A.B. Yermekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8622-9847

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v100.i1.07

Аңдатпа

Бұл мақала ШЫҰ-ның  проблемалары мен кеңейту перспективаларын қарастырады. Үндістан, Пәкістан және Иранның ШЫҰ құрамына қабылдануы аталған ұйымның геосаяси перспективада дамуына әсерін береді. Ұйым ішіндегі стратегиялық, әскери-саяси ынтымақтастықтың форматы екі жақты қатынастардың басымдығы болып табылатынына қарамастан, ШЫҰ институционалдандыру перспективаларына ие болып табылады.  Қазіргі уақытта ШЫҰ ішінде геосаясат тұрғысынан күштер теңгерімінің ығысуы жүруде, сондай-ақ тараптар экономикалық ынтымақтастықтың басымдықтарын белсенді түрде алға жылжытуда. ШЫҰ алдында өңірлік алаң негізінде институционалдандыру үрдісінен өтуіне ынтымақтастықтың қолданыстағы режимін сақтау дилеммасы сақталып отыр. Әскери-саяси қатынастардың даму спектрінде бір жағынан Ресей Үндістан, екінші жағынан Қытай мен Пәкістан арасындағы қатынастардағы күштер тепе-теңдігін ауыстыру маңызды рөл атқарады. Ромбтың ынтымақтастығы шеңберіндегі Үндістанның дипломатиялық қарым-қатынастың белсенділігі, сондай-ақ Қытай-Ресей стратегиялық серіктестігінің күшеюі осының бәрі қазіргі Кво мәртебесінің өзгеруіне әкеледі. Тағы бір маңызды аспект Экономикалық ынтымақтастық болып табылады, онда Ресей мен Қытай ЕАЭО-ны және ШЫҰ сарапшыларының бірқатары осы стратегиялық диалогты күшейту алаңы ретінде Белдеу мен жолды түйіндестіру туралы идеяларды қарастырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-04-07

Журналдың саны

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ