Си Цзиньпиннің бірлескен даму тұжырымдамасының практикалық маңызы

Авторлар

  • A.B. Karabassova Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty http://orcid.org/0000-0003-2007-9193
  • A.B. Abylkassymova Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-6087-3407

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.07

Аңдатпа

Дамудың әр түрлі кезеңдерінде қоғамда әр түрлі даму мақсаттары, тақырыптары мен басымдықтары болады. Қытай даму жолдарын таңдауда және даму стратегияларын жоспарлауда қытайлық ерекшеліктерді сақтай отырып, социалистік жаңғыртуды жалғастыруда. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде Қытай өзінің алдына әртүрлі даму мақсаттарын қойып, әр түрлі даму тұжырымдамаларын басшылыққа алды. 2017 жылғы 18 қазанда ҚКП он тоғызыншы съезін ашқан сөзінде Си Цзиньпин ресми аудармашылар «орташа өркендеген қоғам» деп аударатын «қытайлық сипаттамалары бар социализмнің жаңа дәуірінің» төрт стратегиясының алғашқысы ретінде жан-жақты кемелденген сяокан (小康社会) қоғамының құрылуын атап өтті. Кемелденген қоғамның басты міндеттерінің бірі адамзат капиталын дамыту болып табылады. Қытай дамуының қазіргі кезеңінде алғашқы орынға адамдардың дамуын қойып отыр. Осы мақсатқа жету үшін дамудың бес тұжырымдамасын ұсынған болатын. Бұл тұжырымдамалар экономика, саяси және рухани мәдениет, білім және ғылым салаларын қамтиды, яғни, инновация, ашықтық, экологиялық даму, координация және бірлескен даму. Берілген мақалада Сяокан қоғамын орнатуда маңызды рөлге ие бірлескен даму тұжырымдамасы сипатталып, бірлескен даму тұжырымдамасының негізгі аспектілерін ашуға, жаңа дәуірдегі қытайлық сипаттамалары бар социализм құрылысында оның практикалық қолданысы мен перспективаларын көрсетуге талпыныс жасалған. Түйін сөздер: Қытай, даму, КҚП, социализм, сяокан, бірлескен даму, датун.

Жарияланды

2021-03-17

Журналдың саны

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ