«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ПЛЮС ЖАПОНИЯ» ФОРМАТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОНИЯ СЕРІКТЕСТІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511434Аннотация
Зерттеудің мақсаты – «Орталық Азия плюс Жапония» форматындағы Қазақстан-Жапония серіктестігінің аясында іске асқан жобалардың нәтижесін сараптау болып табылады. 2005 жылы осы диалог тұжырымдамасына сәйкес жапондық Халықаралық Ынтымақтастық банкі (JBIC) Орталық Азия елдері арасында өңірішілік ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу нысанын зерделеу мақсатын да осы тетіктің негізгі өзектерінің бірі болып табылатын су ресурстары мен электр энергиясы бойынша зерттеу жүргізді.
Осы тақырып бойынша зерттеулер барысында зерттеудің кешенді теориялық әдістері-салыстыру, саралау, жалпылау, жүйелеу әдістері қолданылды. Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты зерттеу барысында белгілі отандық ғалымдар: Т. Дадабаев, А. Дүйсеков, А. Битабарова, Г. Дүйсен, Н. Касенованың ғылыми еңбектері қарастырылды. Сонымен қатар, шетел зерттеушілері: Ю. Такешидің, Д. Китаденің, Т. Капорелланың, Б. Дейвтың зерттеу еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің өзектілігі – 2006 жылы өткен Сыртқы істер министрлерінің 2-ші отырысында Жапонияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Таро Асо мырза, онда төраға болған және басқа да құрметті қатысушылар: Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері және Қазақстанның арнайы тапсырмалары үшін елші нақты бағыттарды белгілейтін "іс-қимыл жоспарын" қабылдап, 5 сала үшін қол қойылды: саяси диалог, өңірішілік ынтымақтастықты дамыту, бизнесті көтермелеу, зияткерлік диалог, мәдени байланыстар және адамдар алмасуы, сондай-ақ, өңірішілік ынтымақтастықты дамыту үшін негіздемелік схема әзірленді.
Осы "іс-қимыл жоспарында" "су және энергия мәселелері" өңірішілік ынтымақтастық үшін көмек көрсету жөніндегі жұмыстарға ерекше үлес қоса алатын маңызды салалардың бірі болып танылды. "Іс-қимыл жоспары" шеңберінде өңірішілік ынтымақтастық жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін Орталық Азия елдері белсенді әрекет етіп, өзара сенімді қарым-қатынас орнатуы тиіс. Орталық Азия елдері әр елдің де, тұтастай алғанда өңірдің де әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін түрлі кедергілерді еңсеруге, алға жылжуға және одан әрі ынтымақтастықты дамытуға өз шешімдерін білдірді. Сәйкесінше, соны әрекет етті.
2007 жылғы қаңтарда өткен "Орталық Азия Плюс Жапония" тетігі шеңберіндегі 2-ші Зияткерлік диалогта "Орталық Азиядағы су ресурстары мен электр энергиясы бойынша өңірлік ынтымақтастықтың болашағы" мәселесі талқыланды.
Кілтті сөздер: стратегиялық ынтымақтастық, Орталық Азия плюс Жапония диалогы, Қазақстан, Жапония, келісімшарт.
