Problems of cataloging and research of rare books (based on Persian books)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v106.i3.07Abstract
Қолжазбалар мен сирек кітаптарды зерттеуде каталогтардың алатын орны орасан зор. Каталогтарды құрастыру әрі жауапты әрі уақыт талап ететін ұзақ процесс. Қолжаба немесе сирек кітаптардың каталогын құрастырушыға қойылатын талаптар көп, атап айтқанда қолжазбатану саласынан басқа тіл, тарих, дін, әдебиет, философия және т.с.с. бірқатар пәндерді жақсы меңгеруі тиіс. Одан да маңыздысы осы білімін каталог жасау барысында тиімді қолдана білуі қажет.
Қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар Қазақстанның барлық аймақтарында сақталған. Мақалада ҚР Ұлттық кітапханасы мен Орталық ғылыми кітапхана қорларында сақталған сирек кездесетін парсы тіліндегі кітаптардың тарихы, каталогқа енуі және зерттелуі қарастырылады. Ұлттық кітапхана мен Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорларында сақталған парсы тіліндегі кітаптар кеңес дәуірінде аз зерттелген. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін де арнайы маман жетіспеушілігінен біршама уақыт сирек кітаптар зерттелмей келген. Сол себепті қолжазбалар мен сирек кітаптарды каталогқа енгізу және кітап тарихын зерттеу жұмыстары соңғы жылдары қолға алына бастаған. Мақалада аты аталған екі кітапхананың сирек қорларында сақталған парсы тіліндегі сирек кездесетін кітаптардың каталогқа енуі мен оларды зерттеу мәселелері жан-жақты зерделенеді. Зерттеу барысында каталог құрастыруға қатысты әдістер, атап айтқанда классификациялау, мәтінтану, кодикологиялық әдіс, хронологиялық және библиографиялық зерттеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңес ғалымдары, батыс және ирандық ғалымдардың тәжірибесі мен әдістеріне сүйендік. Зерттеу нәтижесінде парсы тіліндегі сирек кездесетін кітаптардың нақты саны, тақырыптық ерекшеліктері және қазақ интелектуалды өмірінен алатын орны анықталды. Парсы тілінің түрлі медреселерде оқытылғаны мен қазақ қоғамында парсы тілін үйренуге деген қызығушылықтың тарихы тереңде жатқандығы нақты мысалдармен ұсынылды. Парсы тіліндегі сирек кездесетін кітаптар тақырыптарға, баспаларға және жарық көрген елдеріне қарай топтастырылып, осы кітаптардың кітапханаға келіп түсу тарихына қатысты мәліметтер берілді.