Этникалық кәсіпкерлікті транформациялауын талдау: коре сарам бизнесіндегі зерттеу процестері мен ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.06
        78 49

Аннотация

Бұл жұмыста авторлар ағылшын тіліндегі әдебиет мысалында этникалық кәсіпкерлік дискурсын ашады. ТМД елдерінің диаспоралары мысалында этникалық кәсіпкерліктің практикалық зерттеулері орыс тілді академиялық еңбектерді көрсетті. Авторлар қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық кәсіпкерлер қоғамының этникалық қауымдастығының материалдарында зерттеулер айтарлықтай көлемде байқалмағанын анықтады. Осыған байланысты Қазақстанның корей бизнесі мысалында этникалық кәсіпкерліктің жалпы және жеке аспектілерін зерттеу қажеттілігі туындады. Баламалы зерттеу стратегияларының маңыздылығын көптеген ғалымдар атап өтті, бұл жұмыстың авторлары талдаудың сапалық әдісіне назар аударды. Жас корей ұрпағының этникалық бизнесмендерімен жүргізілген сұхбаттарды сапалы талдаудың мысалын пайдалана отырып, авторлар кәсіпкерлікте анклав теориясын ұстануды көрсеткен корей кәсіпкерлерінің бірінші буынының этникалық бизнесінің ерекшеліктерімен параллельді жүргізді. 2000 жылдардағы корей бизнесмендерінің ұрпағы – жаңа форматтағы этникалық кәсіпкерліктің буыны. Бүкіл ТМД аумағындағы бизнес-процестерді басқарудағы инновациялық тәсілдің мысалы ретінде Корей іскерлік клубтарының қауымдастығы (OKBC) қарастырылды. Посткеңестік кезеңдегі «бизнесмен портретін» аша отырып, авторлар этникалық бизнестің үш құрамдас бөлігі: инновация, интернационалдандыру және этникалық мәдениетті сақтау түріндегі ерекшеліктерін алды.

Түйін сөздер: этникалық кәсіпкерлік, кәсіпкерлік теориялары, коре сарам, Қазақстан корейлері, ТМД елдерінің корей бизнесмендері

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-17

Как цитировать

Yem, N., & Kim, V. (2023). Этникалық кәсіпкерлікті транформациялауын талдау: коре сарам бизнесіндегі зерттеу процестері мен ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 104(1), 46–58. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.06

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ