Есірткі және оның Орталық Азияға әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.04
        64 36

Аннотация

Есірткі саудасы Орталық Азия мемлекеттері үшін көптеген қиындықтар туғызып, айтарлықтай адамдық және қаржылық шығындарға әкелді. Есірткі саудасының жоғары табысы мен өркендеуі Орталық Азия аймағындағы лаңкестік және экстремистік діни топтардың өз билігін нығайтып, қолдануға қажетті қару-жарақтарды сатып алу үшін осы бағытта қозғалуына себеп болды.

Бұл зерттеудің мақсаты - есірткінің заңсыз айналымының және одан туындайтын ұйымдасқан қылмыстың әсерін сипаттау, бұл күрделі мәселені аналитикалық түрде зерттеу және осы мәселе төңірегінде жазылған  ғылыми еңбектерді, жарияланымдарды саралау. Зерттеудің негізгі зерттеу сұрағы: есірткі саудасы Орталық Азия елдеріне қалай әсер етуі мүмкін? Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Орталық Азия елдерінің көпшілігінде бар экстремистік діни топтарды пайдалану экономикалық, саяси, қауіпсіздік және әлеуметтік өлшемдерге қауіп төндіреді. Осылайша, Орталық Азия мемлекеттері осы проблемаларды бақылау және басқару мақсатында шиеленістерді шешу үшін Орталық Азия ынтымақтастық ұйымын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын және Шанхай ынтымақтастық ұйымын, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, сондай-ақ аймақтық және трансаймақтық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылуда.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-09-15

Как цитировать

Zhekenov, D., Jakubayeva, S., & Ahmadzai, B. (2022). Есірткі және оның Орталық Азияға әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 102(3), 34–41. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.04

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ