Religious practice social changes during the COVID-19 pandemic in the United Arab Emirates.

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.07
        117 106

Abstract

Бұл мақалада Біріккен Араб Әмірліктері мысалында ұлт құрылысының кейбір теориялық аспектілері мен COVID-19 пандемиядан туындаған әлеуметтік өзгерістер қарастырылады. Мемлекеттік әлеуетке қарай, әлем елдері коронавирустық инфекцияның алдын алу және онымен күресу шараларына әр түрлі жауап берді. Жалғасып жатқан пандемия, аурудың таралуына жол бермеу үшін қабылданған қоғамдық денсаулық сақтау шаралары және халықтың бұл құбылысқа деген әр түрлі реакциялары түрлі әлеуметтік салдарларға  әкеп соғады. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты - COVID-19 пандемиясынан туындаған әлеуметтік өзгерістердің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мемлекеттік әлеует тұрғысынан діни өмірге және мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер еткенін талдау. Зерттеу нәтижелері пандемияның кең ауқымды әсерін тиімді жұмсартуда мемлекеттік әлеуетінің маңызды рөл атқаратынын көрсетті, бұл адам өмірінің барлық салаларында, соның ішінде, діни бағытта парадигманың ауысуына әкелді. Эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, біз мемлекеттің тиімді араласуының арқасында БАӘ қоғамы жаңа өмірге тез бейімделіп, бар шектеулерді уақытша деп қабылдағанын, әрі  мемлекетке деген сенімнің жоғарылағанын көреміз. Бұл ел өміріндегі мемлекеттік әлеуеттің маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

 

Кілт сөздер: COVID-19, діни тәжірибе, ұлт құрылысы, БАӘ, мемлекеттік әлеует, рантье мемлекеті теориясы.

Downloads

How to Cite

Myrzabekova, B. (2021). Religious practice social changes during the COVID-19 pandemic in the United Arab Emirates. Journal of Oriental Studies, 99(4), 65–73. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.07

Issue

Section

POLITICS AND INTERNATIONAL RELATIONS OF ASIAN AND AFRICAN COUNTRIES