Перспективы экономического сотрудничества между Россией и Китаем

Authors

  • Л. Пархомчик Еуразия ғылыми зерттеу интитуты

Abstract

Ресей мен Қытай қарым-қатынастарындағы соңғы өзгерістер тараптардың жан-жақты әріптестік пен стратегиялық өзара әрекеттестікті нығайту ниетін айтарлықтай айқын көрсетті. Қытай-Ресей серіктестігінің өсіп келе жатқан халықаралық маңызын батыс елдеріне қарсы тұра алатын жаһандық саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастыру қажет екендігіне еш күмән жоқ. Алайда, Мәскеу мен Бейжіңнің стратегиялық әріптестікті жандандыру ұмтылысына қарамастан, қол қойылған құжаттар мен ортақ бастамалардың жүзеге асырылуы субъективті және объективті себептерге байланысты жеткілікті деңгейде емес. Сондықтан Мәскеу мен Бейжің арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуында қай бағыттың неғұрлым қолайлы екендігін түсіну үшін Еуразия аймағындағы екі алпауыт мемлекет арасындағы экономикалық өзара әрекеттестік мәселелері бойынша зерттеу жүргізу қажет. Сонымен қатар, тараптар арасында өзара сенім мен өзара тиімді және прагматикалық әріптестікті одан әрі тереңдетуге тосқауыл болатын геосаяси кедергілерді анықтау қажет. Мәскеу мен Бейжің арасындағы ынтымақтастықтың күтілетін және нақты деңгейлері арасында әлі де елеулі айырмашылық болса да, тараптар халықаралық қаржы-экономикалық құрылымды реформалауды қолдай отырып, сыртқы саясат бағыттарын үйлестіру мүмкіндіктерін іздеуді жалғастыруда. Осы жағдайларды ескере отырып, Ресей мен Қытай арасындағы экономикалық және саяси қатынастардың даму динамикасын түсінуге неғұрлым прагматикалық көзқарас қалыптастыру өте маңызды болып табылады.

Downloads

Published

2018-02-01